Атырау өңірінде мамандар шабақтардың қырылуына қатысты болжам жасады

Сырым Қаржас

Бүгін арнайы құрылған комиссия «Бес тал» маңындағы Сарыөзек каналының жанама жырасына барған, деп хабарлайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы ӨКҚ

Орын алған жағдайды зерделеу барысында шабақтардың көктем мезгілінде Жайықтан жыраға ағып келгені белгілі болды

– Алдын-ала болжам бойынша шабақтар канал бойынан қазылған жыраға өтіп кеткен. Қазір су деңгейі төмен түсіп, ағыс болмағандықтан шабақтар бір орында тұралап  оттегі жетпей қалған. Соның салдарынан,  шабақтардың  қырылу фактісі орын алып отыр. Енді, өлген шабақтарды  жинап санитарлық талаптарға сай жоямыз, –деді облыстық табиғи ресурстар жане табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары А.Сәдібекұлы 

Мамандардың айтуынша, бұдан өзге су тасқыны салдарынан жыраларға, каналдарға шығып кеткен балықтардың басым бөлігі құтқарылған.