Қазақстандық әйел «ҰҚК майорының» қоңырауынан кейін 30 млн теңге аударып жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алаяқтар әйелдің депозиттегі ақшасын қолды еткен. Оған қоса несие рәсімдеген.
«Ұлттық қауіпсіздік майоры» оған телефон соғып, оның атына есепшот ашылғанын және бұрын сотталған және іздеуде жүрген азаматтың атына 1,5 миллион теңге аударылғанын хабарлады.
Әйел қорқып, «қызметкерлердің» барлық талаптарын орындаған.