Өскеменде автовокзал өртенді

Әлихан Асқақ

Өрт сөндірушілер автовокзал ғимаратындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дереккөз

Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімшелері вокзалдың 2-қабатындағы сервер бөлмесінде тұтанған өрт жиһазды және бөлменің созылмалы төбесін шарпығанын анықтады. 

Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 10 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ - делінген хабарламада. 

Өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.