АҚШ-тағы сайлау. Харрис VS Трамп. Тағы да дау туындады

Әлихан Асқақ

АҚШ вице-президенті демократ Камала Харристің сайлауалды штабы Республикалық партиясының бұрынғы көшбасшы Дональд Трамптың 4 қыркүйекте Fox News алаңында пікірталас өткізу ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

apa.az

ТАСС ақпарат агенттігінің ақпаратына қарағанда, бұл туралы ол штабтың жазбаша мәлімдемесінде баяндаған.

Дональд Трамп келісім берген пікірталасқа қатысудан жалтаруға тырысады. Ол ойын ойнауын тоқтатып, бұған дейін растаған 10 қыркүйектегі пікірталасқа қатысуы тиіс. Вице-президент қалай дегенде де прайм-тайм уақытында ұлттық аудитория алдында сөз сөйлеу мүмкіндігін пайдалану үшін сол жерде болады. Біз екі науқанда келіскен пікірталастардан кейінгі талқылауға қарсы емеспіз, - делінген құжатта.

Бұған дейін Трамп Fox News телеарнасымен 4 қыркүйекте Харриспен теле-пікірталас өткізуге келіскенін айтқан болатын.

Экс-президенттің айтуынша, 10 қыркүйекте ABC телеарнасында өткен пікірталас келісімі енді өзекті емес. Өйткені қазіргі мемлекет басшысы Джо Байден қатардан шықты. Сонымен қатар республикалық Харриспен болатын пікірталасқа көрермендердің қатысуын қалайды. Байден штабы бұған үзілді-кесілді қарсы болды және маусым айында мемлекеттік жоғары лауазымға екі үміткердің пікірталасы тек жүргізушілердің қатысуымен өтті.

Fox News телеарнасы 17 қыркүйекте пікірталас ұйымдастыруды ұсынып отыр. Тіпті, Трамп пен Харрис штабтарына шақыру жіберді. Трамп өз кезегінде Харриспен бір емес, бірнеше рет пікірталас өткізгісі келетінін мәлімдеді.