Қарағанды облысында ақбөкендерді атумен айналысқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
КҮДІКТЕЛЕР АЛЫСТАН КЕЛГЕН ЖОҚ
Браконьерлерден 13 ақбөкен өлексесі мен 328 мүйіз тәркіленді.
Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратура мен ҰҚК департаментімен бірігіп, бір топ браконьерді қолға түсірді.
11 АДАМ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагуловтың айтуынша, қылмыстық топ Шет ауданының тұрғындарынан жасақталып, ақбөкендерді атумен айналысқан. Жедел-тергеу кезінде браконьерлер 22 рет тінту жүргізіліп, полицияға 11 адам жеткізілді.
Олардан 328 мүйіз, 13 ақбөкен өлексесі мен 20 келіден астам бұзылған ет тәркіленді. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілер тергеліп жатыр.
Бұған дейін белгілі болғандай, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 1 қыркүйектен бастап елімізде киіктерге әуесқойлық аң аулауға рұқсат етілетінін мәлімдеген еді.