Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға көбейеді

Дастан Кенжалин

1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 43 мың теңгеге көбейеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz

uralskweek.kz

СТИПЕНДИЯ 43 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ӨСЕДІ

Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекеттік тапсырысты көбейту үшін жұмыс жасалып жатыр.

Биыл 145 мың грант бөлінді. Оның 65 пайызы техникалық мамандықтарға арналып отыр. Сондай- ақ, 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50 пайызға көбейеді, - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.

БИЫЛ ӘКІМДІКТЕР 2475 БІЛІМ ГРАНТЫН БӨЛДІ

Бүгін сонымен бірге 2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталғаны хабарланды. Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөлуді жоспарлап отыр.

Биыл жергілікті атқарушы органдар 2475 білім беру гранттарын бөлді.