Әйел зорлаған полицияның экс-басшысына қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

Дастан Кенжалин

Аппеляциялық инстанцияның қылмыстық істер жөніндегі алқасы Талдықорған қаласы Ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Жетісу облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Today.kz

Еске салсақ, былтыр қараша айында Марат Күштібаев 27 жастағы келіншекті өзінің жұмыс орнында зорлады деген күдікпен ұсталып, сотталған болатын. Сол кезде ішкі істер министрі Жетісу облысының Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановты қызметінен босатты. Осы оқиғаға байланысты облыстық Кадр саясаты жөніндегі департаменттің басшысы да қызметімен қош айтысты.

Облыстық Полиция департаментінің экс-басшысына қатысты іс ақпан айында болып, айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір елімізде әйелді зорлау көбейіп кетті. Жақында Абай облысында Ресей азаматы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды.