Белгілі продюссер Баян Алагөзова қызының есімін Алиса деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Үйге келуіңмен, Алагөзова Алиса Тұрсынғалиевна, – деп жазды ол.
Белгілі продюссер Баян Алагөзова үшінші баласын дүниеге әкелген еді. Продюссердің өзі биыл қаңтарда 50 жасқа толған.
Баян Мақсатқызы Алагөзова – қазақстандық продюсер, Shine Production компаниясының басшысы, тележүргізуші, актриса, әнші. Алғаш рет 1993 жылы "Махаббат бекеті" фильмінде басты кейіпкерді сомдап, жұртшылыққа танылды, кейін ұзақ жылдар бойы телевидениеде тілші және жүргізуші болып қызмет етті. 2006 жылдан бері қазақстандық музыкалық топтар мен жеке орындаушылардың продюсері болып жүр. 2010 жылдан бастап бірнеше фильм мен телехикаяға түскен.
2006 жылы Баян Есентаева КешYOU тобының продюсері атанды. Кейін соған ұқсас басқа да жобаларды қолға алды. 2010 жылы Shine Production компаниясы "Ғашық жүрек" фильмін түсіріп, продюсердің өзі басты рөлдердің бірін ойнады. 2011 жылы бұл фильмнің жалғасы – "Ғашық жүрек 2" түсірілген.