Бүгін таеквондошылар Олимпиададағы жарысты бастайды

Дастан Кенжалин

Бүгінгі Олимпиялық ойындардың кезекті жарыс күнінде грек-рим күресінің балуандары арасынан Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) іріктеу белдесуінде күш сынасады. Оның алғашқы қарсыласы - мысырлық балуан Мохамед Метвалли, деп хабарлады Ulysmedia.kz. 

olympic.kz

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінің финалында Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакамен күреседі. Тікелей эфир сағат 21:10-да «Qazaqstan» арнасында көрсетіледі.

Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлер арасындағы жекелей сында Бекарыс Раматулла мен Сергей Емельянов шығады.

ТАЕКВОНДОДАН ЕЛ НАМЫСЫН САМИРХОН АБАБАКИРОВ ҚОРҒАЙДЫ

Бүгін таеквондошылар Олимпиададағы жарысты бастайды. Таеквондодан ел намысын 58 келі салмақта Самирхон Абабакиров қорғайды.

Велотректен Андрей Чугай жарыс жолына шығады. Бокстан 80 келі салмақ дәрежесінің финалында Нұрбек Оралбай украиналық Олександр Хижнякпен қолғап түйістіреді.

Бүгін түнде бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жартылай финалда былтырғы әлем чемпионы Ю Вудан (Қытай) жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты. Сөйтіп, қазақ қызы алғаш рет жеңіл салмақта елімізге жүлде сыйлады.

Сонымен бірге 3 000 метрге кедергімен жүгіру сайысының финалында Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Нора Джеруто мәреге тоғызыншы болып келіп, жүлдегерлердің қатарына қосыла алмады.