Бронемашина, ұшқышсыз жүйе, зымыран – Қазақстан әскері қалай қаруланып жатыр

Дастан Кенжалин

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің оқу-материалдық базасын жақсартты, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қорғаныс министрлігі

Қолда бар мәліметке қарағанда, жыл соңына дейін жаңа тренажерлерді жеткізу және жерүсті оқу-жаттығу жабдықтарын жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 1,5 мыңнан астам әскери техникаға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА ҰШҚЫШСЫЗ ЖҮЙЕЛЕР КЕШЕНІ КӨПТЕП КЕЛДІ

Қорғаныс министрлігі техниканы жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл әскерлерге 500-ден астам жаңа техника, соның ішінде «Арлан» және COBRA II брондалған доңғалақты машиналары, SUNQAR тактикалық ұшқышсыз жүйелер кешені және EVOMax шағын ұшқышсыз жүйелері келіп түсті. Әуе қорғанысы күштері үшін заманауи жойғыш ұшақтар мен зениттік зымыран кешені жеткізіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ ANKA пилотсыз ауыр класты кешенді тәжірибелік әскери пайдалану жүргізілуде. А400М бірінші ауыр жүк көтергіш әскери-көліктік ұшақ жеткізіледі деп күтілуде, - делінген хабарламада.

Жақында Қорғаныс министрлігі елімізде әскер санын көбейтуі мүмкін екенін хабарлады. Бұған дейін әскер қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы 39 180 ер адам шақырылып келген болатын. Енді биылғы күзден бастап әскерге 40 148 азамат шақырылады.