«100 млн теңгеге Бишімбаевтың жазасын жеңілдетеміз»: Астана тұрғынының ісі сотқа түсті

Аян Өрібай

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

– Антикор Бишімбаевтың туысының арызы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Заңға Астана қаласының тұрғыны (әйел) тартылды. Ол ірі көлемде алаяқтық жасау күдігіне ілінді. Яғни, “Бишімбаевтың жазасы жеңілдейді” деп уәде беріп, 100 млн теңге алмақ болған. Сонымен қатар, күдіктінің әрекеті ірі көлемде пара беруге итермелеу бабына да келеді. Оның қылмыстық әрекетінің басқа да эпизодтары тексеріле бастады. Ол қамауда. Тергеу аяқталды.  Тараптар іспен танысып жатыр, – деді ол бүгінгі брифингте.

Бұған деййін Қуандық Бишімбаев сот үкіміне сәйкес барынша қатаң режимдегі мекемеге жіберілгені хабарланған еді.

БИШІМБАЕВ ІСІ

Еске сала кетсек, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылған. Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.