Қазақ балалары Гонконгте Team Model Award сыйлығын жеңіп алды

Дастан Кенжалин

Гонконгтегі FIRST Asia Championship халықаралық чемпионаты аяқталды. Оған 45 ел мен 210 команда қатысты, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі

Оған LEAS мектебінің Aldebara Алматы командасының өкілдері Аркен Амангелді, Искандер Гильмундинов, Арлан Жақсыбергенов, Марк Ульянов, Мартин Васильев, Сабина Абылай қатысты. Оқушыларды жарысқа олардың жаттықтырушылары  Рамина Сабирова мен Балғын Исақожа бастап апарды.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН БАС БАРМАҚПЕН БАҒАЛАДЫ

Оқушылар ғылыми жобасын өнердегі жаңашылдық тақырыбы бойынша ұсынды. Жоба музейлер, көрмелер мен инсталляцияларда ыңғайлы және қарапайым қозғалыс үшін жасалған шынайы көрініс беретін қосымша мүмкіндігі бар навигатор ретінде таныстырылды. Оқушылардың жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді.

Еске сала кетсек, команда халықаралық чемпионатқа Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионатында жолдама алды.

Бүгінде қазақ балалары робототехникадан өтіп жатқан кқптеген халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Қазір мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100 пайызға орындалды. Сонымен қатар робототехника, STEM, химия, физика және биология бойынша 1 345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жыл соңына дейін еліміздің 20 өңіріндегі 1 072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталатын болады.