Түркияда Қазақстан туристері отырған автобус аударылып қалды

Сырым Қаржас

Түркияның оңтүстігіндегі Мугла провинциясында Қазақстан мен Ресейден 13 турист бар автобус аударылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Muğla Gazetesi басылымына сілтеме жасап.

Cumhuriyet

Сағат 07.00 шамасында 112-ге автобус Мугла провинциясында аударылды деген хабарлама келді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 13 турист жарақат алып, ауруханаларға жеткізілген.

– Оқиға орнына келген бригадалар ресейлік және қазақстандық туристер тұрған автобустан жараланған 13 адамды шығарып алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаларға жіберді, – деп хабарлайды БАҚ.

Полиция тергеуді бастады. Жүргізуші ұсталды.

Cumhuriyet газеті жол апатының Бодрум-Миляс жолында болғанын хабарлайды. Микроавтобус жүк көлігімен соқтығысып, оны жол жиегіне лақтырып жіберген. Зардап шеккендердің алған жарақаты өміріне қауіп төндірмейтіні аталып өтеді.

Қазақстан СІМ әзірге болған оқиғаға түсініктеме берген жоқ.