Интерпол Армениядан Қазақстан азаматын экстрадициялады

Дастан Кенжалин

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Армениядан елімізге аса iрi мөлшердегі психотроптық заттар мен басқа да есірткі түрлерінің заңсыз айналымымен айналысқан Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады, деп хабарлады  Ulysmedia.kz. Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Bdg.by

БҰҒАН ДЕЙІН ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮДІКТІНІ ӘШКЕРЕЛЕГЕН БОЛАТЫН

Бұған дейін қостанайлық полицейлер күдіктіні альфа-ПВП психотроптық заты мен мефедронның заңсыз айналымымен айналысқаны әшкерелеген болатын.

Алайда ол тергеуден жасырынып, шетелге қашып кеткен еді. Енді міне, оған халықаралық іздеуге жарияланған соң, ол көп ұзамай ұсталды.

ОЛ ЕРЕВАНДА ҰСТАЛДЫ

Күдікті Ереванда ұсталып, одан кейін Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталушыға қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жақында тағы екі отандасымыз Ресейдің Мәскеу облысында адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген жерінен ұсталған болатын.