Жапонияның Қазақстандағы елшілігі Күншығыс елінің премьер-министрі Фумио Кишиданың бүгін Астанада басталатын «Орталық Азия-Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатыспайтыны туралы мәлімет таратты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
ЖАПОНИЯДА ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛДЫ
Жапонияда жер сілкінісі болды. Осыған байланысты премьер-министр Фумио Кишида «Орталық Азия-Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатыса алмайды, - делінген хабарламада.
Бүгін Астанада «Орталық Азия + Жапония» саммиті басталады. Саммит екі күн болады. Оған Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишида да шақырылған болатын.