Ақтөбеде жұмысшы найзағай түсіп көз жұмды

Сырым Қаржас

Ақтөбенің 36 жастағы тұрғынына найзағай түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Pixabay/ronomore

Қатты жаңбыр кезінде найзағай жергілікті зауыттардың бірінің жұмысшысына түскен. 

Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. 

8 тамыздағы қысқа, бірақ қарқынды жаңбыр кезінде Ақтөбедегі бірнеше көшені су басып, қала тұрғындарына қиындық туғызды.

Бұған дейін БҚО-да найзағайдан Ресей азаматы қаза тапқан.