Қазақстан Еуропаға астық сатудан артта қалды

Дастан Кенжалин

Түркия Еуропаға астық сатудан алға шықты. Бұл ел Қазақстанды да басып озды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

aa.com.tr

Еуропа комиссиясының мәліметіне қарағанда, 2024-2025 жылдары Түркия қатты бидайдың 55,6 мың тонна сұрпын Еуропаға жеткізсе, Қазақстан осы уақыт аралығында 19,1 мың тонн ғана сатқан.

Төменде қай елдердің Еуропаға қатты бидайдың неше тонна сұрпын жеткізгені туралы мәлімет көрсетілген:

БІРІНШІ ОРЫНДА ТҮРКИЯ ТҰР

61,3% Түркия – 55.582 тн

21,0% Қазақстан – 19.062 тн

17,5% Канада – 15.883 тн

0,1%  Украина – 88 тн

0,0% Ұлыбритания – 12 тн

Еурорпаға жұмсақ бидайдың сұрпын мына мемлекеттер жеткізіп келеді.

УКРАИНАНЫҢ БИДАЙЫ ДА КӨПТЕП БАРАДЫ

62,4% – Украина

16,6% – Канада 

14,1% – Молдова 

4,5% – Сербия  

1,4% – АҚШ

Бұған дейін хабарланғандай, Еуропа одағы Ресей мен Беларус бидайын алудан бас тартқан еді. Ал еліміз бидайды негізінен Өзбекстан, Тәжікстан мен Ауғанстанға жеткізіп келеді. Сонымен қатар, жақсы экспорттық бағыт – Қытай. Былтыр ол жаққа 1,5 млн тонна астық жөнелтілді.