Дауылды ескерту: ел өңірлерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіліп отыр

Сырым Қаржас

Синоптиктер сенбі, 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Астанада бүгін түнде және таңертең найзағай ойнап, таңертең тұман түсуі мүмкін. Ал кей өңірлерде жел тұрып, өрт қауіпі сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы

10 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 10 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

10 тамызда Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

10 тамызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында, 11 тамызда облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 10-11 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 10 тамызда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. 10-11 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 10 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 10-11 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қ.: 10 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады түнде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

10 тамызда күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Облыстың оңтүстігінде, шығысында дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 10 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

10 тамызда Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

10 тамызда күндіз Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 10 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Түркістан облысы

10 тамызда түнде Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 10 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 10 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Ұлытау облысы

10 тамызда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 10 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

10 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 10 тамызда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

10 тамызда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

10 тамызда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 10 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

10 тамызда Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батыс бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Атырау қ: 10 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

10 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 10 тамызда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

10 тамызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 10 тамызда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Кей уақытта найзағай. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

10 тамызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 10 тамызда түнде найзағай күтіледі.

Жетісу облысы

10 тамызда күндіз Жетісу облысының оңтүстік жартысында, орталығында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 10 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с Төтенше өрт қауіпі сақталады

Алматы облысы

10 тамызда кешке Алматы облысының және Алматы қ. таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 10 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 10 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.