Париж-2024: Испания футболдан Олимпиада чемпионы атанды

Сырым Қаржас

Испанияның футболдан ұлттық құрама командасы Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Испания футбол құрамасы ақтық ойында Францияға қарсы ойнада. Қарсыластарын 5:3 есебімен ұтқан испандықтар осылайша Олимпиада чемпионы атанды.

Аса тартысты өткен матчтың негізгі уақыты 3:3 болып тең аяқталып, жарыс экстра-таймға ұласты. Экстра-таймда Испания құрамасының ойыншысы Серхио Камелло екі гол (100', 120+2') cоғып, командасына жеңіс сыйлады. 

Осылайша, Франция астанасы Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарында испаниялық футболшылар чемпионы атанды.

Ал жарыс қожайындары франциялықтар күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар Морокко футбол құрамасы үшінші орынға таласта Мысыр командасын 0:6 есебімен жеңіп, Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізді.