Ақтөбе қаласында жергілікті полицейлер қоғам белсендісі Еркебұлан Құлбасовты қамауға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан полицейлер Еркебұланды Ақтөбе облыстық әкімдігінің алдында жерге жатқызып, қолына кісен салып, алып кеткен сәтін көруге болады.
Әзірге белсендіні не үшін қамауға алғаны туралы нақты мәлімет жоқ.
Ал видеодан Еркебұлан Құлбасовтың “Түсіріп алыңдар, жігіттер. Осы ма Әділетті Қазақстан?” деген даусы естіледі.