Алматы облысында ер адам өзенге ағып кетті

Сырым Қаржас

Қаскелең шатқалында 63 жастағы ер адамды өзен ағызып алып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

Қайғылы оқиға туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағынан хабарланды. Айтуларынша, отбасымен және достарымен демалып жатқан ер адам, Қаскелең өзеніне шомылмақшы болған.

«Аздап шомылып алғысы келген ер адам суға түскен. Бірақ тау өзенінің асау ағысы оны алып кетті. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мәйітті шамамен 1 км қашықтықтағы өзеннен шығарып, полицияға тапсырды», - делінген хабарламада.

Ер адам қайтыс болды. Құтқарушылар азаматтардан тау өзендерінің маңында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.