Алматыда балдақпен қашқан азамат соққыға жығылды

Сырым Қаржас

Алматы қаласы көшелерінің біінде бір топ жігіт балдақ жүрген адамға шабуыл жасады. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

EGOV.PRESS

Алматыдағы бейнебақылау камераларына ер адамның соққыға жығылған сәті түсіп қалған.

Полицейлер оқиғаға қатысушылардың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Бейнежазбада балдақ ұстаған ер адамның топтан қашып бара жатқанын көруге болады. Бір кезде ол балдақпен өзіне қарсы келгендерді ұра бастайды. Бірақ оған бірнеше қарсылас бір мезгілде шабуыл жасап, оны құлатып, ұрып-соғуды жалғастырады.