Енгізеді, бірақ шарт қояды – отандық өндірушілердің реестрі іске қосылады

Сырым Қаржас

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық өндірушілердің бірыңғай реестрін жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Шарлапаевтың айтуынша, реестрде отандық тауар өндірушілер туралы ақпарат, оның ішінде шығарылатын өнім және оның көлемі, көрсетілетін қызмет түрлері және қызметкерлер саны туралы толық мәлімет қамтылады.

– Реестрге енгізілген субъектілер мемлекеттік қолдау шараларына, сонымен қатар, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сатып алу ларына қатыса алады, – дейді Шарлапаев.

Реестрге енгізілген өндірушілерге локализациялауды арттыру шарты қойылады. Осы жылдың соңына дейін реестрді іске қосу бойынша жұмыстарды толық аяқтау көзделген.