Бибісара Асаубаева турнирге жалғыз өзі бара жатыр

Дастан Кенжалин

Жақын арада Грузияның астанасы Тбилиси қаласында Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) әйелдер арасында шахматты дамытуға бағытталған ең үлкен турнирі жалау көтереді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

kazsports.kz

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ҚАТЫСАДЫ

Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Гран-придің барлық кезеңінде сынға түседі. Ал Тбилисидегі бірінші кезеңде отандасымызбен бірге Анна Музычук, Мария Музычук (Украина), Нана Дзагнидзе, Лела Джавахишвили (Грузия), Сарасадат Хадемальшарьех (Иран), Александра Костенюк (FIDE), Рамешбабу Вайшали (Үндістан), Алина Кашлинска (Польша) пен Ставрула Цолакиду (Грекия) жүлдеге таласады.

 

 ГРУЗИЯ ЕКІ ГРОССМЕЙСТЕРІН АЛЫП ШЫҒАДЫ

Жарыс қожайыны ретінде Грузия екі гроссмейстер қоса алады. Турнир айналмалы жүйе бойынша (9 тур) 14-25 тамыз аралығында Biltmore Tbilisi қонақ үйінде өтеді.

Алғашқы 40 жүріске 90 минут беріледі. Ал ойынның қалған бөлігіне 30 минут (алғашқы жүрістен кейін әр жүріске 30 секундтан беріледі) қарастырылады.

Биылдан бастап Гран-при турниріне 20 шахматшы қатыса алады. Бұрын оған  16 адам ұатысып келген болатын. Сонымен бірге осы кезге дейін бір маусым төрт турнир болса, енді  алты жарыстың жалауы желбірейді, Гран-придің жалпы жүлде қоры да көбейді.

Осыған дейін Бибісара Асаубаеваның Swiss Queens Wednesday атты ХХІ халықаралық онлайн шахмат турнирінде жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.