Қазақстанға тікелей рейс ашу үшін Air Astana үлкен ұшақтарды сатып алуы керек — АҚШ елшісі

Аян Өрібай

Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм екі ел арасында тікелей рейсті іске қосу үшін қандай бағытта жұмыс атқарылуы керектігін айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

gov.kz

«БОИНГ» ҰШАҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫН КҮТІП ОТЫР

Тікелей рейске келер болсақ, АҚШ пен Қазақстан 2025 жылдың аяғына қарай осы тікелей рейсті іске қосуға үміттеніп отырмыз. Бірақ рейсті іске қосу үшін біз маңызды іс-шараларды жүргізуіміз керек. Біріншіден, АҚШ авиация ұйымдарының Қазақстанға келіп, осы елдің авиация құрылымының барлық стандарттарға сәйкес келетінін тексеруі тиіс. Екіншіден, Эйр Астана компаниясы ұзақ қашықтыққа ұша алатын жаңа ұшақтарды сатып алуы керек. Қазір олар «Боинг» ұшағының жасалып шығуын күтіп отыр. Ал ол ұшақ 2025 жылға дейін құрастырылмайды, — деді ол Ulysmedia тілшісінің сұрағына берген жауабында.

Сонымен бірге ол бүгін қазақстандықтарға Американың визасын алу рәсімін жеңілдету жайлы сұраққа жауап берді. Ол қазақстандықтар үшін виза алу рәсімін жеңілдетуге бағытталған маңызды шаралардың қолға алынғанын айтты.