АҚШ Қазақстанға құны 960 мың долларлық сервер сыйлады: ол қандай құрылғы

Аян Өрібай

АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстанның Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетіне құны 960 мың доллар болатын алдыңғы қатарлы компьютерлік серверлерді табыстады,  табыс етті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Фото: Ulysmedia.kz

Ол қандай құрылғы

USAID АҚШ-тың Dell Inc. компаниясының «Keden» IT-кедендік жаңа жүйесін қолдау үшін алдыңғы қатарлы серверлерін жеткізді, ол өнімділікке кедергі келтірген ескі «Астана-1» жүйесін алмастырады. Жаңа «Keden» жүйесі автоматтандыру, машиналық оқыту және жасанды интеллектті қолдану арқылы кедендік рәсімдеу уақытын қысқартып, деректердің қауіпсіздігін арттырады. Жаңа жүйе болашақта кеңеюге арналған процесстерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Комитетке жоғары өнімді, арнайы серверлік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, USAID Қазақстандағы неғұрлым тиімді және қауіпсіз кедендік ортаның қалыптасуын қолдайды. Бүгін салтанатты табыстау рәсіміне Қазақстанның Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм мен USAID Орталық Азиямен сауда жөніндегі бағдарламасының жетекшісі Роберт Воутч қатысты. 

Сыртқы экономикалық мақсат

– Комитет жаңа кедендік ақпарат жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. АҚШ-тың даму агенттігінен алынған жетілдірілген серверлік жабдық осы жаңа жүйенің функционалдығын  енгізу, сондай-ақ кеден бекеттерінің жоғары жылдамдықты символын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Жүйені енгізу арқылы кедендік рәсімдер жеңілдетіледі. Жүйенің үздіксіз және тұрақты жүмысы қамтамасыз етіледі. Ол сыртқы экономикалық мақсатта жүзеге асырады», - деді іс-шара барысында комитет төрағасы Жандос Дүйсембиев.

Өз кезегінде елші екі елдің арасында сауда қатынасы артып келе жатқанына назар аударды.

– Инновациялық технологияларды енгізу процестерді оңтайландырады, дәлдікті арттырады, ашықтықты жақсартады және бизнеске қолайлы ортаны қалыптастырады, көбірек инвесторларды тартады және экономикалық өсуді арттырады, - дейді Розенблюм.

АҚШ Қазақстанға алдыңғы қатарлы компьютерлік серверлер ұсыну арқылы Қазақстанның кедендік инфрақұрылымын жаңғыртуға үлес қосуды өздеп отыр.