Астанада істен шыққан аттракционда қыз бен жігіт қалып қойды (ВИДЕО)

Қалижан Бектемір

Бүгін Астана қаласының Орталық саябағында келеңсіз жағдай болды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

instagram.com/astana_city/

Саябақта жас жігіт пен бойжеткен шолу дөңгелегіне отырып, жоғарыға көтерілгенде аттракцион аяқ астынан істен шыққан. Содан жастар жерге түсе алмай, не істерін білмей қалған. Бірақ аттракцион біраз уақыттан кейін қайта іске қосылған.

«МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН! САБЫР САҚТАШЫ. БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ»

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап үлгерді. Видеода жас жігіт бойын қорқыныш билеп алған қызды сабырға шақырған.

Сабыр сақташы. Мен сені сүйемін! Сабыр сақташы. Ештеңе етпейді. Сымдары үзіліп қалған шығар. Олардың батырмасы істен шыққан болу керек. Ештеңеге алаңдама. Қазір біз жерге түсеміз. Бәрі жақсы болады, - дейді ол.

Қыз болса «Мені шайқалтып жатыр. Менде сені сүйемін. Өтінемін, мынаны тоқтатшы», - дейді.

Жігіт оны тағы да сабырға шақырған.

Қорықпашы. Біз енді ғана тоқтап жатырмыз», - деді ол тағы да.

Осы видео шыққан кезде оқырманның бірі сол жерде болғанын, адамдарды көмекке шақырғанын айтты.

Бұған дейін Алматыдағы Орталық демалыс саябағында да қайғылы оқиға болған еді. Онда шолу бір келіншек дөңгелегінен секіріп, мерт болған. Ол өз-өзіне қол жұмсамас бұрын қызын  тұншықтырып өлтірген деген күдікке ілінген еді.