Астанада интернет-алаяқтардан мыңнан астам sim-карта тәркіленді - ІІМ

Қалижан Бектемір

Астана қаласында интернет-алаяқтардан мыңнан астам sim-карта тәркіленді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі

ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРІНЕН ХАБАРЛАСУҒА МҮМКІНДІК АЛҒАН

Олардың көпшілігі sim-қораптардан табылды. Олар алаяқтарға дүниежүзінің кез келген жерінен жалған нөмірлер арқылы қоңырау шала алуға мүмкіндік берген.

Операцияны ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері Астана қаласындағы әріптестерімен бірігіп жасады.

КАРТАЛАР ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРЛЕРДЕН ТАБЫЛҒАН

Барлығы осындай 11 жабдық, сондай-ақ ноутбуктер, телефондар мен модемдер тәркіленді. Дыбыс күшейткіштері ретінде көрсетілген sim-қораптар жалдамалы пәтерлерден және ұсталғандардың бірінің көлігінің жүксалғышынан табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде бар мән-жайлар анықталатын болады, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Бүгінде интернет-алаяқтық қылмыстың ең көп таралған түрі болып саналады. Азаматтар әлі де қылмыскерлердің айласына түсіп қалып жатыр.

Қоңырау арқылы жасалған қылмыстың алдын алудың жолы – тұтқаны қойып, әңгімені тоқтату, бөтен адамның айтқандарына сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу.

Қазір алаяқтар адамды алдап, ақшасын иемденіп қалу үшін түрлі айла жасап жатыр. Мысалы, биыл Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алаяқтар өз атынан хабарлама таратып жатқанын ескертті. Әкімнің атынан WhatsApp мессенджерінде атымнан хабарлама жіберілген.