Украина әскеріне Ресейдің 100 сарбазы тұтқынға берілді – Сырский

Сырым Қаржас

Әлеуметтік желіде тұтқынға алынған әскердің видеосы таралып жатыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Украина әскерінің бас қолбасшысы Александр Сырский бір тәулікте 100-ден астам ресейлік әскерді тұтқындалғанын мәлімдеді. Президент Владимир Зеленскиймен сөйлескен кезде ол осылай есеп берген.

Зеленский бір күн бұрын "жүздеген орыс әскері тұтқынға алынды және олардың бәрі адамгершілік танытады" деген. Курск облысына Украина қарулы күштерінің шабуылы кезінде қанша ресейлік әскер тұтқынға алынғаны белгісіз. Тұтқындардың арасында мерзімді әскери қызметшілер бар. Украинаның "Хочу найти" мемлекеттік жобасы Ресейдің 30-ға жуық мерзімді әскери қызметшісі тұтқынға түсуі мүмкін деп мәлімдеді. "Важные истории" басылымы Курск облысында жоғалған 22 ресейлік мерзімді сарбаздың есімін анықтады.

Ресей Қорғаныс министрлігі, өз кезегінде, бір күнде тұтқынға алынған 18 украин әскері туралы хабар таратты. Ведомствоның телеграм арнасында жарияланған видеода бес болжамды тұтқынды көруге болады. Министрлік бұл Курск облысының Малая Локня, Мартыновка және Уланок елдімекендерінде тұтқынға алынған 80-ші және 82-ші десанттық-шабуылдау бригадаларының әскери қызметшілері деп мәлімдеді.

Курск облысында тұтқынға алынған ресейлік әскери азаматтың әйелі Мәскеуде пикетке шыққан.

Украина әскері басшысының айтуынша, Курск облысында украин күштері ілгері жылжып келеді. 

– Тәулік басталғалы жекелеген бағыттардағы әскер бір-екі шақырымға дейін алға жылжыды. Суджа елдмекенінде жауды іздеу және жою аяқталды, - деді ол.

"Ахмат" арнайы күштерінің командирі Апти Алаудинов бұған дейін ресейлік телеарнаға берген сұхбатында "жаудың негізгі күштері тоқтатылды", "олар бұғатталды" және "техниканың көп бөлігі өртелді" деп айтқан болатын. Суджуды, оның айтуынша, украин әскерилері "шынымен бақыламайды". Ресей қорғаныс министрлігі Скрилевка, Левшинка, Семеновка, Алексеевский және Камышный аудандарында әскери әрекеттер тоқтатылды деп хабарлады.