Түрікстанда шенділер 8 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған

Қалижан Бектемір

Түркістан қаласында 8 млн жуық теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады  Ulysmedia.kz. Бас прокуратураға сілтеме жасап.

almaty.tv

Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады.

ЛАУАЗЫМ ИЕЛЕРІ ЕСЕПШІЛЕРМЕН АУЫЗ ЖАЛАСҚАН

Атап айтқанда, Департаменттің лауазым иелері «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ есепшілерімен сөз байласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген, - делінген хабарламада.

Бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен жинақталған құжаттар СДТБТ тіркеліп, тергеу жүргізу  Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Басқа да қолданыстағы заңнамалар бойынша заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізілді.

Бұған дейін Түркістан облысы «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшыларының жасыл белдеу аймағын құру үшін орман қоры жерінен берілген 103 га жер учаскені тиімді пайдаланбай 1 млрд аса бюджет қаржатын  жаратып жібергені анықталған.