Балқаш қаласында 29 адам уланып қалды

Қалижан Бектемір

Балқаш қаласында Отбасылық пансионатта демалып жатқан 29 адам уланып, 14 адам ауруханаға түсті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Абзал Қалиев

ТОҒЫЗ БАЛА ДА УЛАНҒАН

Олардың 9-ы бала. Демалушылардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Қазір Қарағанды облысының санитар дәрігерлері тексеруді бастады.

Шілде айында Астанада 16 балан уланған болатын. Олардың улануына себеп болған тәтті тоқаш өндірген кәсіпорын жазаланды.

Балалар Қосшы қаласында рұқсат құжаттарсыз жұмыс істеген кәсіпорыннан алған тәтті тоқаштан уланған. 

Оған дейін Бейнеудегі «Али-ман» мекемесіне барғаннан кейін 23 адам уланып, орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.