Атырау облысында жергілікті кәсіпкерлер Париж Олимпиадасында еліміздің намысын қорғаған дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr көлігін сыйлады деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Спортшыларға автокөліктерді салтанатты жағдайды облыс әкімі Серік Шәпкенов табыс етті. Ол Әбиба Әбіжақыноваға көлігінің нөмірі де қоса берді.
«КРУТОЙ» НӨМІРДІҢ БАҒАСЫ – 840 МЫҢ ТЕҢГЕ
Бұған дейін Әбиба Әбіжақыноваға Парламент Мәжілісінің депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Kia Ceed маркалы көлігін сыйлаған болатын.
Еске салсақ, Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 келіде өнер көрсетті. Ол қола жүлде үшін тартыста швециялық балуанға есе жіберіп, бесінші орын алды. Ал Эсмигуль Куюлова алғашқы айналымнан әрі аса алмай қалды.
Екі спортшы да Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Кейіннен тарихи отанына қоныс аударған. Қазір екеуі де елішілік жарыстарда Атырау облысының намысын қорғап жүр.
Әлеуметтік желіде жазылғандай, бұл «крутой» нөмірдің бағасы – 840 мың теңге екен.
Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөліктің кілті табыс етілді.