Астанада жасөспірім операция кезінде көз жұмды

Қалижан Бектемір

Астана қаласында операция кезінде 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Бұл мәліметті денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев растады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ktk.kz

Оның айтуынша, қазір осы оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚАТЕРЛІ ГИПЕРТЕРМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ӨТЕ ҚАУІПТІ

Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен жасөспірімнің ата-анасына көңіл айтқым келеді. Бүгінде қызметтік тергеу, оның ішінде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның негізінде біз ресми хабарлама береміз.

Бұл қатерлі гипертермиялық реакция өте сирек кездеседі. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай солай болды, - деді ол.

Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олар медициналық сараптама нәтижелерінен кейін қосымша ақпарат беруге уәде берді.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Еуропада тіркелген маймыл шешегі Қазақстанға қаншалықты қауіпті екенін де айтты.

Оның айтуынша, маймыл шешегі өте қатерлі сырқат саналады. Сондықтан оны елімізге кіргізбеу керек деп айтты.