Жапония жағалауында тағы да жер сілкінді

Сырым Қаржас

Жапония аралдарының жағалауында 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Изу аралының жағалауында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы тіркеді.

Орталықтың хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі 122 мыңға жуық адам тұратын Кисарадзу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 396 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 мың шақырым.

Адамдардың қаза тапқаны және ғимараттардың қирағаны жайлы ақпарат түспеген. Цунами қаупі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда «Ампил» тайфунының жақындауына байланысты авиакомпаниялар 16 тамыз күні жүзге жуық рейстерін, ал теміржолдар операцияларының бір бөлігін тоқтатылғанын хабарлаған едік. 

Жапонияның метеорологиялық басқармасы «ауыр» деп жіктеген «Ампил» тайфуны (№7 тайфун) Токио мен оның маңындағы аудандарға қарай бет алған.