Жапония келер жылы қорғаныс бюджетін рекордтық деңгейде ұлғайтып, 54 млрд долларға дейін жеткізбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Kyodonews.net ақпараттық сайты хабарлады.
Токио Қытайдан төнген қауіпке байланысты осындай шешімге келген. Жапон әскері барлау дрондарын көбейтіп, қосымша әскери бригадаларды құрмақ.
“Осылайша Токио қауіпсіздік мәселелерінің күрделенуі байланысты қорғаныс шығындарын арттыруға көшті.
Жапонияның Қорғаныс министрлігі 2025 қаржы жылына (келесі сәуірден бастап) 8 триллион иеннен (54 миллиард доллар) астам рекордтық бюджет сұрамақшы, соның ішінде Қытайдың әскери белсенділігінің артуы жағдайында алыстағы аралдарды барынша қорғау үшін ұшқышсыз ұшақтарды орналастыру да бар”, делінген Kyodo агенттігінің ақпаратында.