Құтқарушылар төрт туристі таудағы асау өзеннен өткізді

Сырым Қаржас

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары альпинисттік жабдықтардың көмегімен туристтерді өзеннен өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТЖМ

Үлкен Алматы шатқалында 4 адамнан тұратын 17-21 жас аралығындағы топ Японская дорога маршрутымен жүрген. Бірақ кешке жақын уақытта адасып кетіп, Үлкен Алматы өзенінің жағасына келген. 

Артқа қайтуға шамалары жетпей, ал өзеннен өтуге арнайы жабдығы болмағандықтан, жастар құтқарушыларды шақырды. 

ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары альпинисттік жабдықтардың көмегімен туристтерді өзеннен өткізіп, аман-есен қалаға жеткізді. Жастар медициналық көмекті қажет етпеді.