Газадағы соғыс: 100-ден астам нәресте қаза тапты

Сырым Қаржас

ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс басталғалы Газа секторында 115 сәби қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс басталғалы Газа секторында 115 сәби қаза тапты. Біріккен Ұлттар Ұйымының басып алынған Палестина аумақтарындағы гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі берген мәліметтерге сүйенсек, олардың 48-і әлі бір айға толмаған.

Сондай-ақ баяндамада шейіт кеткен сәбилердің барлығының сегіз айға толмағаны да атап көрсетілген. Газа Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін 2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жеке басы анықталған және құжатталған қақтығыс құрбандарының 32,3 мыңының 10,6 мыңы балалар, олардың 663-і бір жасқа толмаған балалар екенін хабарлады.

24 мамырда Халықаралық сот Рафахтағы қақтығыстарды дереу тоқтатуға және геноцид туралы мәлімдемелерді тексеруге кедергісіз рұқсат беруге бұйрық берді.