Биыл жыл басынан бері елімізде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 240 дерегі тіркеліп, 94 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, жалпы сомасы 7 млрд теңгеден аса валютаны шетел асырудың 780 дерегі анықталған.
Еске сала кетсек, бүгін елімізде Шекарашылар күні аталып өтіп жатыр.
Бүгінде ел шекарасында 100-ден аса өткізу пункті жұмыс істейді. Оның ішінде авиациялық, теңіз, өзен, теміржол, автомобиль сияқты түрлері бар. Күн сайын 10 мыңға жуық сарбаз жауынгерлік кезекшілікке шығады.