АҚШ-тағы президенттік сайлау: Тағы бір үміткер тіркелді

Сырым Қаржас

Америка Құрама Штаттарының Жасылдар партиясы Джил Стайнды ел президенттігіне үміткер ретінде ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

houstonpublicmedia.org/Lisa Abitbol

Бұл шешім партияның жалпыұлттық съезі барысында қабылданды. Оқиға әлеуметтік желілерде таратылды. Ал вице-президенттікке  Бутч Уэр таңдалды.

Джилл Стайн – америкалық дәрігер және саяси белсенді тұлға. Сондай-ақ ол 2012 және 2016 жылдары Жасылдар партиясының президенттігіне кандидат ретінде белгілі. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында қоршаған ортаға, әлеуметтік әділеттілікке және әскери қақтығыстарды тоқтатуға баса назар аударады. Стайн сонымен қатар бейбіт тұрғындарға зиянын тигізетін қару-жарақ пен экономикалық санкцияларды тоқтатуды жақтайды.