Алматыда 11 жастағы бала орға түсіп кетті

Ілияс Бақыт

Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Фото: видеодан алынды

Алматыда 11 жастағы бала орға түсіп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«112 пультіне Алматының Наурызбай ауданындағы «Елисейские поля» коттедж қалашығында тереңдігі 4 метр болатын орға 2013 жылы туылған бала құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келген ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шықты», - делінген хабарламада.

Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында экскаватор жүргізушісімен бірге өзенге құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.