Пойызда шетел азаматының жүгінен есірткі шықты

Қалижан Бектемір

Көлік полицейлері есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

polisia.kz

Көлік полицейлері ҰҚК Шекара қызметімен бірігіп, Абай облысының Ауыл станциясында жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Новосібір – Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында отырған 28 жастағы шетелдік азаматтан есірткіні тапты.

МАРИХУАНА ТАБЫЛДЫ

Қызметтік-іздестіру иті осы жолаушыға белгі беріп, тінту кезінде одан марихуана табылды. Қазір осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Сот шешімімен күдіктіге 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Бүгін ІІМ ЕҚҚІҚД мен Қызылорда облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Сырдария ауданының далалық жерінде ірі есірткі алқабын анықтады.