Баланы енді бір мектептен екіншісіне онлайн түрде ауыстыруға болады

Сырым Қаржас

Қазақстанда баланы енді eGov.kz порталының көмегімен бір мектептен екінші мектепке онлайн түрде ауыстыруға болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

– Ата-аналар мектепті тек шағын учаске бойынша ғана емес, сонымен қатар қалауына қарай кез келген басқа жалпы білім беретін ұйымды таңдай алады, - деп хабарлайды Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы.

Ол үшін порталда eGov.kz порталының "Білім" бөліміне өтіп, тізімнен "орта білім" бөлімін таңдау керек. Артынша, “”Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет.