Үкіметтің 16 тамыздағы қаулысына сәйкес, Қазақстандағы мерекелік күндер тізімі тағы екі жаңа мерекемен толықты.
Қазақстанда 2 жаңа мереке пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, Қазақстандағы мерекелік күндер тізімі тағы екі жаңа мерекемен толықты.
Жаңа мерекелер:
Ұлттық баспа күні – 2 ақпан;
Радио күні – 1 қазан.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, 30 тамызда Қазақстанда мемлекеттік мереке – Конституция күні аталып өтеді.