Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылордада сыныптастары оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген іске қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министр қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын еске салып, мәселені бақылауда ұстайтынына сендірді.
– Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен бұл мәселені бақылауда ұстаймын. Облыс басшылығымен сөйлестім. Әлі де тергеу жүріп жатқандықтан, сәл сабыр етіңіздер. Желіде пайда болған кей ақпарат толық шындыққа жанаспайды. Сондықтан тергеудің аяқталуын күтейік, содан кейін шешім қабылдаймыз. Қазір алдын ала бірдеңе деу қиын. Әрбір ақпараттың артында тағдыр тұр. Біз адамның тағдырын кейбір тексерілмеген фактілерге және т.б. тез арада шешім қабылдау арқылы қиындатуымыз мүмкін, – деді ол.
Бұған дейін Қызылордада мектеп әкімшілігі жұмыстан шығарылғаны хабарланған болатын.
Оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені жөнінде ақпарат 8 тамызда белгілі болды. Анасы қызынан әуелі ақша бопсалап, содан кейін оқушылар қызды секс-қызметтер сайтына тіркегенін айтады.
14 тамызда Қызылорда облысындағы жанжалға арналған баспасөз мәслихатында қыздың 1000 мәрте жыныстық қатанысқа түсуге мәжбүр болғаны белгілі болды.
Кейінірек жәбірленуші тараптың адвокаты үш күдіктіге (екі қыз және бір жігіт) қатысты бұлтартпау шарасы үй қамауынан екі айға қамауға алынғанын хабарлады.