«Тіпті бәрі хабарласты ғой»: Жаңқош Тұраровтың әйелі желіге шықты

Сырым Қаржас

Боксшы Жаңқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желіге жазба қалдырды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

– Қоңырау шалғанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген "подруга-таныстың" бәрі түннен бері хабарласып, жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр? - деп жазды Клара Иса. 

Белгілі боксшы Жаңқош Тұраров «қыз зорлады» деген күдікке ілінген еді.  Полицияның хабарлауынша, істі Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция департаменті қозғаған.

Ал боксшы өзіне негізсіз айып тағылғанын айтты.