Ауа райы: Алматы мен Астанада жаңбыр жауады

Қалижан Бектемір

Синоптиктер алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Астана

23 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, ал күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 19-21 жылы.

24 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 жылы.

25 тамызда синоптиктердің болжамы бойынша, көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 16-18 жылы.

Алматы

23 тамызда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 ыстық.

24 тамызда көшпелі бұлттылық, күннің екінші жартысында қысқа жаңбыр жауады, найзағай болжанады. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 26-28 жылы.

25 тамызда көшпелі бұлт, түнде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 жылы.