Алматыда 1 қыркүйекте мектептерде "линейка" мен алғашқы қоңырау өткізілмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– 1 қыркүйекте бізде демалыс. Балалар демалады. 2 қыркүйекте бәріміз мектепке барамыз, - деді Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
1 қыркүйек демалыс - жексенбі күнге келіп тұр. 2 қыркүйек күні таңертең 10-15 минуттық жиын болады деген жоспар бар.
– 2 қыркүйекте бірінші сынып оқушыларын дәстүр бойынша бірінші сыныпқа кіргіземіз. Қысқа жиын болады. Алматының барлық мектептерінде, - деп түсіндірді Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай.
Министр не деді
Бұған дейін министр Ғани Бейсембаев алғашқы қоңырау күнін ауыстыра ма, жоқ па деген сұраққа жауап берген еді.
– 1 қыркүйек - дәстүрлі түрде оқушылар үшін айтулы күн. Сондықтан 1 қыркүйекте білім күніне арналған жиын өткізіледі, - деді министр.
2024-2025 оқу жылы
Оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады. Оқу тоқсандары мен демалыстардың ұзақтығы келесідей болады: