Атырауда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі 12 шақырым жерден табылды

Қалижан Бектемір

Атырау облысында 24 тамыз күні сағат 07:03 шамасында суға батып кеткен 2010 жылы туған жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 12 шақырым қашықтықта құтқарушылардың күшімен судан шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, іздестіру жұмысына ТЖД-ның 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды.

Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз, - делінген хабарламада.