Астанада жеті автобустың бағыты өзгереді

Сырым Қаржас

Астанада автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Сity transportation systems (CTS) көлік компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Фото: Ашық дереккөзден

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілген: №№ 17, 44, 56, 61.

Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №№ 47, 54 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді.

Сонымен қатар, № 43 маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.