Алматы тауларында тағы бір турист жоғалып кетті

Сырым Қаржас

Алматы тауларында 12 сағат бойы жоғалған турист іздестірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жасанды интеллект

Оқиғаның болғанын ҚР ТЖМ хабарлады. 23 тамызда үш ер адам Іле Алатауы тауларындағы Үшқоңыр мен Жайлау шатқалдарының арасындағы Қарғалы өзенінің жанында демалған.

Олардың бірі өзен бойлап, жоғары шығам деп оралмаған.

– Келесі күні 112 нөміріне хабарласқан достары дабыл қақты. 

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы оқиға орнына келіп, қараңғы мен дауылға қарамастан туристті іздеуге кірісті, – делінген хабарламада.

25 тамызға қараған түні 12 сағаттық іздеу жұмыстарынан кейін құтқарушылар ер адамды тапты.

Медициналық көмек оған қажет болмаған.